• Басты бет
  • /
  • Соғыс туралы оқыған кітабың- Сенің Жеңіс күніне арнаған сыйлығың
Соғыс туралы оқыған кітабың- Сенің Жеңіс күніне арнаған сыйлығың

Көрменің мақсаты: балаларды соғыс туралы кітап оқуға тарту, халқымыздың батырлары жайлы әңгімелеу. Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттерді насихаттау, тарихи маңызды оқиғалармен таныстыру.Өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, өз еліне деген мақтанышқа тәрбиелеу.

Мектеп кітапханасында К.Симонов, Б. Полевая, В. Катаев Е. Воробьев, С. Алексеев және басқа да көптеген авторлардың соғыс туралы шығармалары ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл соғыс туралы кітаптарда біздің еліміздің жаумен өлімге қарсы күресте қалай және неге тұрғаны туралы баяндалады. Көрмеде ұсынылған кітаптар кеңес адамдарының Отан үшін майданда және тылда жасаған ерліктертері айтылады.

Соғыс туралы көркем шығармалар бейбіт өмір үшін күрескен батырларымыздың ойлары мен сезімдерін сақтайды. Кітап беттерін шолу жасай отырып, біз олармен қиындықтарын бірге өткергендей боламыз.